Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады...
Отбасы әр адам үшін қымбат және ең жақын әлеуметтік орта болып табылады. Жаңадан шыр етіп дүние есігін ашқан сәби алғаш тәрбиесін, мінез құлық нормаларын, белгілі бір дәстүрлердің, өнеге мен мұраларды отбасында үйреніп, таниды...