"Түркі" этнонимы
552 жылы Жужандар (Авар) қағанатының құлауымен құрылған Түркі қағанаты жайлы зерттеген ғалымдар көптеген ізденіс жасап, түркітану ғылымына өз үлесін қосқаны анық. Түркітану ғылымына үлес қосып жатқан ғалымдардың арасында да Ортағасырлық Орталық Азия тарихын зерттейтін ғалымдар арасында да - Түркі этнонимы, Түркі қағанатын құрған түркілердің сөйлеу тілінің қалыптасуы жайлы ортақ тоқтам жоқ. Бір ғалымдар - түркі тіліннің қалыптасуына парсы тілі ықпал етті дейді. Тіпті осы жорамалды қолдайтын ғалымдардың бір шоғыры түркі тілі - парсы тілінің ықпалымен пайда болды дейді...
Не себепті түркі халықтары Жетісуға қоныс аударған Ортағасырлық қидандарды "қарақытайлар" деп атады?
907 жылы Орталық Азияда - Ляо империясын құрып (Ляо - қытайша темір деген мағына береді) Қытай, Корея елдерінің тарихына елеулі түрде әсер еткен қидандар тайпасының мемлекеті чжурчжендердің, Сун, найман-керейт мемлекеттерінің біріккен күшімен 1125 жылы талқандалған бойда, батысқа қарай бассауғалап Жетісуға қоныстанған болатын. Бұл жерде өздерінің Си Ляо (Батыс Темір 1128-1213 жж.) империясы аталған мемлекетін құрып, қидандар мемлекетін қайта қалпына келтіріп, Орталық Азия халықтары тарихында "Қарақытай" атымен енді...