Сеня рядом и Белла пришел. Былое
СҚО-ның тарихи және мәдени ескерткіштері туралы мәліметтер электронды нұсқаға көшіріледі
Өңір тарихы жаңа әдіспен зерттелмек. Алдағы уақытта облысымыздың тарихи және мәдени ескерткіштері туралы мәліметтер толығымен электронды нұсқаға көшіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Былтыр өңірде Ә.Марғұлан археология институның филиалы ашылған еді. Мақсат – облыс тарихын кәсіби археологтарды жұмылдыра отырып, жаңа әдіспен зерттеу. Яғни, мамандар биыл зерттелмей қалған орта ғасырлық кезеңге, алтын орда, түркі және ғұн дәуіріне тиесілі есткерткіштерді өңір аумағынан іздеп, экспедиция жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр...
"Түркі" этнонимы
552 жылы Жужандар (Авар) қағанатының құлауымен құрылған Түркі қағанаты жайлы зерттеген ғалымдар көптеген ізденіс жасап, түркітану ғылымына өз үлесін қосқаны анық. Түркітану ғылымына үлес қосып жатқан ғалымдардың арасында да Ортағасырлық Орталық Азия тарихын зерттейтін ғалымдар арасында да - Түркі этнонимы, Түркі қағанатын құрған түркілердің сөйлеу тілінің қалыптасуы жайлы ортақ тоқтам жоқ. Бір ғалымдар - түркі тіліннің қалыптасуына парсы тілі ықпал етті дейді. Тіпті осы жорамалды қолдайтын ғалымдардың бір шоғыры түркі тілі - парсы тілінің ықпалымен пайда болды дейді...