Осман империясындағы - "жаңа османдар" атты жасырын қозғалыс ұйымы
1865 жылы Осман империясында "Танзимат" реформасының әсерімен елді демократиялық жүйеге бағыттайтын орта тап өкілдері мен шенеуніктерден құралған "Жаңа османдар" жасырын ұйымы құрылды. Бұл кезде бүкіл әлемде "Жаңа" және "Жас" тіркестері сәнде болды. "Жаңа османдар" атауына ие болған - саудагерлердің, кәсіпкерлердің, әскерилердің мүддесін қорғайтын либералдық жасырын түрік ұйымы - Осман империясын абсолюттік монархиядан - конституциялық монархияға ауыстыруды көздеді. Бірақ бұл ұйым ресми билікке қарсы болып, ешбір жерде тіркелмегендіктен аса құпия жасырын әрекет етті...