4 месяца назад
​​👨🏻‍🦱👩🏻 Орта тап адамы - ол кім? 🟧 "Орта тап" өкілдер ұлттық экономиканың локомотивтері болып табылатыны баршаға мәлім, олар - негізгі салық төлеушілер, тауарлар мен қызметтердің ішкі тұтынушылары, бұл ретте, мемлекетке халықтың осы санатына арналған қолдау бағдарламаларын құрудың ерекше қажеттілігі жоқ. 💰 Бүгінгі таңда әлемде орта таптың анықтамасы туралы нақты түсінік қалыптаспаған, елдер әртүрлі критерийлерді (материалдық және материалдық емес тауарлар) қолданады, алайда, барлық жағдайларда да, ең алдымен, халықтың табысы талданады.  📝 Анықтама үшін: Орта тап адамдары - бұл материалдық және материалдық емес қажеттіліктердің кең ауқымын қанағаттандыру үшін жеткілікті тұрақты табысы бар халықтың әлеуметтік тобы. Егер "орта тап" өкілдері азшылық болса, онда мұндай мемлекет жоғары наразылық әлеуетімен, саяси тұрақсыздықпен, қоғамды қылмыстандырудың жоғары деңгейімен және оның стратификациясымен сипатталады. 🟠 Атап айтқанда, ЭЫДҰ ұйымы 75-200% дәлізде болуы тиіс орташа ұлттық табыс көрсеткішін пайдаланады. Ал АҚШ-та орта тапқа үй шаруашылығының жылдық табысы 58 мың - 156 мың АҚШ долларын құрайтын ересек азамат кіреді (штатқа байланысты). 📑 UBS және Credit Suisse 2023 жылғы "Жаһандық әл-ауқат туралы" (Global Wealth Report ) бірлескен есебіне сәйкес әлемдегі жиынтық әл-ауқат деңгейі 2,4%-ке төмендеп, 450 трлн АҚШ долларынан асты. Сонымен қатар, әлемдегі бір ересек адамның әл-ауқаты 3,6%-ке төмендеп, 85 мың АҚШ долларын құрады.  📉 Дүние жүзіндегі әл-ауқаттың төмендеуі ұлттық валюталардың құнсыздануы, инфляцияның өсуі және пайыздық мөлшерлемелер есебінен болды. Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылда әлемдегі әл-ауқаттың орташа деңгейі негізінен Қытай экономикасының дамуына байланысты тұрақты өсу динамикасына ие болды. ✅ Бүгінгі таңда байлықтың 50%-ке жуығы (208,3 трлн. АҚШ доллары) әлемде долларлық миллионерлердің/миллиардерлердің 1%-ына тиесілі, кедей халықтың 50% астамына байлықтың небәрі 1%-ы ғана тиесілі (5,3 трлн. АҚШ доллары). ✔️ UBS және Credit Suisse болжамдарына сәйкес әлемдік әл-ауқат алдағы бес жылда 38%-ке өсіп, 629 трлн АҚШ долларына дейін жетеді, ал бір ересек адамның әл-ауқат деңгейі 2027 жылы 110 мың АҚШ долларынан асады. 🟦 Қазақстандағы жағдай ▪️ Бүгінде Қазақстанда "орта тап" туралы нақты түсінік жоқ.  ✔️ Бұл ретте, Қазақстан үшін жоғары білікті және инновациялары бар дамыған экономикалармен, сондай-ақ табысы төмен, жалақысы төмен экономикалармен және өнеркәсіптік тауарлардың арзан өндірісімен бәсекеге түсе алмауымен "орташа табыс тұзағы" мәселесі тән. 🔸Толығырақ сайтымызда: https://economy.kz/?p=5565&lang=kk #КачествоЖизни  #ӨмірCапасы  #LifeQuality
1 минута
7 прочтений · 11 месяцев назад
Осман империясындағы - "жаңа османдар" атты жасырын қозғалыс ұйымы
1865 жылы Осман империясында "Танзимат" реформасының әсерімен елді демократиялық жүйеге бағыттайтын орта тап өкілдері мен шенеуніктерден құралған "Жаңа османдар" жасырын ұйымы құрылды. Бұл кезде бүкіл әлемде "Жаңа" және "Жас" тіркестері сәнде болды. "Жаңа османдар" атауына ие болған - саудагерлердің, кәсіпкерлердің, әскерилердің мүддесін қорғайтын либералдық жасырын түрік ұйымы - Осман империясын абсолюттік монархиядан - конституциялық монархияға ауыстыруды көздеді. Бірақ бұл ұйым ресми билікке қарсы болып, ешбір жерде тіркелмегендіктен аса құпия жасырын әрекет етті...