Аталмыш этнологиялық, тарихи сұрақпен айналыспаған тарихшы кемде-кем шығар. Тіпті, шетелдік зерттеушілерде өз пікірін айтып, жорамалын хатқа түсірген. Мұндай ізденістерді - Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов, С. Мұқанов, Б. Ахмедов өзінің теориялық негіздемелерін айтқан болатын. Аталмыш тақырыппен айналысушы тарихшыларда баршылық. Осыдан, он шақты жыл бұл магистратурада оқып жүрген кезде бізге сабақ берген Зарықбек Сламбекұлы жүз ұғымын - беткей деп түсіндірген болатын...
Кіші жүзде Сырым Датұлы көтерілісі осы аймақта хан беделін әлсіреткеннен кейін, Жайық пен Еділ бойында Нұралы ханның ұлы Бөкей сұлтанның хан атануы - Ресей империясының отарлық билігі үшін өз билігін орнықтыру үшін жағдай туғызды. 1810-1820 жж. Хиуа хандығы мен түркімендердің Кіші жүздің оңтүстігіне жойқын ұйымдастыруына қарсы қарсылық көрсетуге тырысқан Арыңғазы сұлтан Ресей империясынан қолдау таппады. Шерғазы ханға - Ресей империясы билік жүргізуге мүмкіндік бермеді. Кіші жүзде Арыңғазы мен Шерғазы хандар арасында текетірестер көбейді...