МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ (1227 – 1259 ж.ж.)
ХІІ ғасырдың екінші жартысында (шамамен 1155 немесе 1162 жылдары) Евразия құрлығының орталық бөлігіндегі көшпелі тайпалар мекендеген Орталық Азия өңірінде дүниеге келіп, әлемге Шыңғыс хан есімімен белгілі Боржигин тайпасының көсемі Темуджин ноянның жетпіс жылдық ғұмырының - бытыраңқы өмір сүрген тайпаларды біріктіруге арнап өткізген жиырма жылдығында құрған алып империясы (осы өңірдегі көшпелілер құрған үшінші империя, алдыңғыларын Ежелгі және орта ғасырлық ғұндар мен түркілер құрған болатын), билеушінің...
Қазақ хандығының басқару жүйесін - қазіргі түсінікпен қарастырғанда қандай монархиялық басқару жүйесіне жатқызуға болады?
Мұсылман жыл санауы бойынша һижраның 870 жылы Керей сұлтанның Қозыбасы жайлауында халық өкілдері жиынымен хан атанып, Қазақ хандығының құрылғандығы тарихтан белгілі. Бұны ортағасырлық тарихшы Үндістандағы Ұлы Моғол империясының саяси қызметкері Моғолстан мемлекетінен шыққан Қазақ халқының Дулат тайпасының әмірлерінен тарайтын Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" (абд-Рашид ханның тарихы) еңбегінде Қазақ хандығының құрылу тарихы мен уақыты баяндалады. Қазақ хандығының жоғарғы билеушілері аталған...