Жалпы, Еуразия құрлығының аймақтық бөлісінін этникалық емес географиялық тұрғыда аудандастырып айту - ол Еуропалық саяхатшыларының пікірімен қалыптасқан. Еуропалықтар үшін өздері саяхаттап жүрген аймағын ұлттық, тілдік не діни тұрғыдан атағаннан қарағанда географиялық аудандастыру тұрғысынан атаған қолайлы болды. Әрине, Еуропада орналасқан елдердің саяхатшыларының көзқарастары бірдей болмай, бастапқы кезде географиялық аумақтарды әртүрлі елдерді кіргізіп, тіпті алып тастап отырды. Мұндай көзқарастарға саяси факторлар әсер етіп отырды...