XV ғасырдың аяғында басталған ұлы географиялық ашылулар - адамдарға жер шарының жаңа кеңістігін ашып бергені даусыз. Еуропалық ұлы географиялық ашылулардың басында португалдықтар мен испандықтардың тұруы жәйдан-жәй емес. Бірақ бұл португалдықтар мен испандықтардың ұлы географиялық ашылуларға дайындалғанында емес. Тіпті бұл үрдіске Құдай осы халықтарды таңдап алды - деп айтқанымызда жөнде болмас. Жәй ғана ұлы географиялық ашылуларға - аталмыш халықтардың ұлт болып қалыптасу үрдісі тұспа-тұс келді десек дұрыс айтқанымыз болар...
Х-ХІІІ ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси процестер қатарына - 1. Қарлұқ қағанатының құлап, Қарахан мемлекеті болып қайта құрылуын жатқызуға болады. 2. Бытыраңқы Қыпшақ конфедеративтік мемлекетінің құрылуын жатқызуға болады. 3. Қидан тайпаларының Жетісу жеріндегі билікті басып алып, Батыс Ляо немесе Қарақытай мемлекетін құруын айтуға болады. 4. Шыңғыс бастаған моңғолдар шапқыншылығына тап болған меркіттер мен найман тайпаларының Қазақстан аумағына қашуы. 5. Хорезм шах мемлекеті мен Моңғол империясының Қазақстан аумағы үшін таласқа түсуі...