X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер.
Х-ХІІІ ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси процестер қатарына - 1. Қарлұқ қағанатының құлап, Қарахан мемлекеті болып қайта құрылуын жатқызуға болады. 2. Бытыраңқы Қыпшақ конфедеративтік мемлекетінің құрылуын жатқызуға болады. 3. Қидан тайпаларының Жетісу жеріндегі билікті басып алып, Батыс Ляо немесе Қарақытай мемлекетін құруын айтуға болады. 4. Шыңғыс бастаған моңғолдар шапқыншылығына тап болған меркіттер мен найман тайпаларының Қазақстан аумағына қашуы. 5. Хорезм шах мемлекеті мен Моңғол империясының Қазақстан аумағы үшін таласқа түсуі...
Неге Қосөзен аймағында - басқа өркениет аймақтарындағы секілді орталықтанған біртұтас мемлекет құрылмады?
Тарихтан белгілі - ірі өркениеттер қалыптасқан өзендер бойындағы алып империялар құрылғандығы. Әрине, бастапқы кезде өзен бойында бытыраңқы жүз шақты мемлекеттер құрылып, өзара соғысттан кейін - бұл мемлекеттер бір алып империяға бірікті. Алайда, Қосөзен аймағын құрайтын Тигр мен Евфрат өзендерінің алқабын құрайтын тайпалар мен халықтар үшін бір ереже жүрмейтін секілді. Бұл аймақта Ассирия, Вавилон, Лидия деген алып мемлекеттердің болғанына қарамастан. Иә, бұған қарсылық танытып Вавилон патшалығын мысалға алуға болады...