sfd
ХІХ ғасырдағы Германияның бірігуі Италияның бірігуінен несімен ерекшеленеді?
ХІХ ғасырдың екінші жартысы Еуропада Германия империясымен және Италия корольдігінің құрылуымен белгілі. 1. Бұл мемлекеттер 1860-1870 жж. біртұтас емес бытыраңқы болатын. Мысалы: Германия 1871 жылға дейін 38 мемлекет пен 4 өзін-өзі басқаратын қалалардан тұрған болатын. 1871 жылы 38 мемлекет іріленіп, 25 мемлекет болып бір империяға біріккен болатын. Ал Италиян корольдігі 1861 жылға дейін өзін-өзі басқаратын Тәуелсіз он бір мемлекеттен тұрды. 2. Бірігуге талпынған Германия мен Италияның Австрия және Франция деп аталған ортақ жауы болды...
ХІХ ғасырдағы Италияның бірігуі - Германияның бірігуінен несімен ерекшеленеді?
Әлбетте, ХІХ ғасырда Еуропада қайта құрылған Италия және Германия мемлекеттерінің бытыраңқылықты жойып, ұлттық бірлікке қол жеткізуі ұқсас келеді. Екі мемлекетте "жоғарыдан" (билеуші топтардың) ұлт-азаттық күрес жолымен және "төменнен" (төменгі тап өкілдерінің революциялық күрес) жолымен бірігу үрдісін қолдайтын азаматтардың өзара күресі арқылы біріккені белгілі. Алайда, Германдықтар мен Италяндықтар 1848-1849 жылдардағы революциялық күресті бірдей бастан кешіргенімен - Германияда бытыраңқы жерлердің ұлттық парламенті шақырылып, нәтиже жетпей тарағаны белгілі...