Жуырда Түркістан қаласында Халықаралық Қожа Ахмет атындағы қазақ -түрік университетінде Түркі әлемінің бірінші халықаралық география конгресі өтті.Бұл конгреске Түркі тілдес елдердің ғалым оқытушы мұғалімдері қатысып тәжірибе алмасты. Конгресті ұйымдастыруға Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік халықаралық университеті,.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Су шаруашылығы қауіпсіздік институты,Республикалық География Атаулы мектебі ұжымдары атсалысты.Конгресте климаттың ғаламдық өзгеріс туралы айтылып Түркия ,Өзбекстан Қырғызстан ,Қазақстан ғалымдары өз тәжірибе ойларымен бөлісті.Секцияда мұғалімдер өз баяндамаларын оқыды.Сонымен қатар Орта ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия елдерінің Еуропа мұражайларында зерттеген ғалым картограф Мұхит Ардагер Сыдықназаров өз тұсаукесер карталардың көрмесін ашып көрсетті.
Шыңғыс хан - қазақ па?
Академиялық ортада мұндай сұрақ қойылмайды. Академиялық тарих мамандығы бойынша дипломын алып, өзін тарих ғылымын дамыту жолына арнаған азаматтар - Шыңғыс ханның моңғол екендігін баяғыда мойындап қойған. ХІІІ ғасырда Моңғолия империясы мен Юань империясы дәуірінде жазылған тарихи жазбалар - Шыңғыс ханның моңғол екендігін шегелеп қойған. Ол шегені қанша суырамын десеңде, суырып - басқа шегемен алмастырамын деп қиялдасаңда - шамаң жетпейді. Шыңғыс ханның өзін моңғол халқымен, өзі құрған Моңғол империясының атынан сөйлегендігін есепке алмағанда...