Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып,...
Алдымен өткенге зер салсақ, ас беру рәсімі қазақ даласына ислам діні келмей тұрғанда, сонау көне сақ, ғұн, түркі заманынан бері келе жатыр. Оны біз археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінен де байқаймыз. Орхон-Енисей өңіріндегі балбал тастардағы сына жазулардан Түркі елін қуатты империяға айналдырған Күлтегінге берілген ас туралы жазба деректі ғалымдар ашты. Демек марқұмдарға арнап ас беру салты сонау ықылым замандардан бері ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүр десек те болады...