Х-ХІІІ ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси процестер қатарына - 1. Қарлұқ қағанатының құлап, Қарахан мемлекеті болып қайта құрылуын жатқызуға болады. 2. Бытыраңқы Қыпшақ конфедеративтік мемлекетінің құрылуын жатқызуға болады. 3. Қидан тайпаларының Жетісу жеріндегі билікті басып алып, Батыс Ляо немесе Қарақытай мемлекетін құруын айтуға болады. 4. Шыңғыс бастаған моңғолдар шапқыншылығына тап болған меркіттер мен найман тайпаларының Қазақстан аумағына қашуы. 5. Хорезм шах мемлекеті мен Моңғол империясының Қазақстан аумағы үшін таласқа түсуі...
1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс 1841 жылы Қазақ хандығын қалпына келтіргенімен, 1847 жылы отаршылдық биліктің қысымымен қырғыздармен болған соғыста жеңіліс тапты. Өзін-өзі басқарудан айырылған Қазақ жерінің оңтүстігі 1847-1865 жж. Ресей империясы мен Хиуа, Қоқан хандықтарының талас аймағына айналды. Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарының өзара соғысынан ресурстары шектеліп, қайта күшейіп келе жатқан Ауған әмірлеріне қарсы тұра алмады. Қаржылық тапшылықтың орнын толтыру үшін Хиуа, Қоқан хандықтары 1837-1847 жж...