Қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында осы жылдың 10 айындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, аталған тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, сондай-ақ Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов баяндама жасады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады...