Ұлы жібек жолы бойындағы қалалардың құлдырауына қандай себептер әсер етті
Өз тарихын б.з.б. ІІ ғасырдан бастау алатын Ұлы жібек жолы б.з. XV ғасырға дейін өзінің тарихи миссиясын атқарғаны белгілі. 17 ғасыр бойы батыстан - шығысқағ шығыстан - батысқа қарай қатынайтын керуен жолдарының үздіксіз жүріп тұруына әсер ете отырып, керуен тоқтайтын елді-мекендердің біртіндеп қалашықтарға айналуына әсер еткені белгілі. Жаңадан пайда болып қалалар мен бұрыннан бар қалалар өзара бәсекеге түсе отырып, өзінің тауарын ұсынған болатын. Тармақ жолдардың үздіксіз түрде сауда керуендерінің...
🕌 🇰🇿 🪶📖 📚 Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби 📚 📖🪶🇰🇿 🕌
Көне қала,көне шаһар Отырар, Қиялымды мың сан ойға батырар. Жібек жолын тоғыстырып жаһанмен Керуендерді көркіменен шақырар. Ұлы бабам Отырарда туылған, Кіндік жібі осы жерде буылған. Бала болып шомылып ең Арысқа Осы суға жаялығың жуылған. Ұлан едің шыққан дешті қыпшақтан Өсіп-өнген қарапайым қыстақтан. Туған жердің бесігінде тербеліп Туған өлке саған қалам ұстатқан. Кітапхана болды осында сәулетті, Мұндай кітап қорын ешкім көрмепті. Тіпті мұндай кітапхана болмаған Рұм қаншалық болсадағы дәулетті...