Биылғы жаз былтырға қарағанда ерекше аптап ыстығымен есте қалатын болды. Лүп еткен жел жоқ. Қапырықты ауа температурасы қырық градусты көрсетіп тұр. Соған қарамастан жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтермен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестер шөп шауып, егін орып, дала төсінде еңбек дүбірін қыздыруда. Айналаға көз салсақ, алқапта қуатты техникалардың араласуымен шөпті шауып, тайлап, автокөлікке тиеп жатқан еңбек адамдардың жіті қимылын байқауға болады. Маңдайынан...