Жер бетінде адамзаттың пайда болуы жайлы тұжырымдар көп. Бұл сұраққа әрбір ғылым саласы өзінше жауап іздеп, өзінше жауап береді. Әрине, әркім өзі біледі, теологиялық, эволюциялық, ғарыштық, .б. теориялардың қайсын қабылдаймын десе. Ғалымдар Жер бетінде адамзаттың пайда болу жасын анықтауда да бір тоқтам жоқ. 1. Б.з.б. 4 млн жыл бұрын пайда болды 2. Б.з.б. 3 млн жыл бұрын пайда болды 3. Б.з.б. 2,7-2,5 млн жыл бұрын пайда болды. Дегенімен, адамдардың қазіргі деңгейге жету үшін ұзақ кезеңнен өткені анық...
Әрбір халық жер бетінде ұлт болып қалыптасқаннан бері өзіне тән, өзгеден өзін ерекшелендіріп тұратын атрибуттарымен бірге дамитындығы анық. Бұл атрибуттар қанша сыртқы орта әсер етсе, тіпті ғаламдық өзгерістерде әсер етседе өзгермейді. Тіпті өзгертудің өзі мүмкін емес дүние. Құдай осы халықты осылай жаратты. Оны мойындау керек. Бірақ сыртқы орта әсер ете береді. Оған қарсы тұра білу керек. Өзгерістер кейбір кезде - жақсы жағынан, кейбір кезде жаман жағынан әсер етеді. Жақсы жағынан әсер етсе - жағымды болады, дамуға әсер етеді. Жаман жағынан әсер - құлдырауға итереді, тіпті өзін осы ұлттың бір бөлшегі санамайтындар пайда болады...