Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Соның аясында сомасы 1,9 трлн теңгені құрайтын 58 іс-шара қамтылмақ. Бұл соманың 1,6 трлн теңгесі 2024-2026 - жылдарға көзделген. Бұл жайында шаһар әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, әкімдік жыл басынан бері қала экономикасының серпінді өсуіне барынша күш салып жатыр. Өткен 11 айда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13%-ға артып, жетекші орынды иеленді. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі 17,7%-ға ұлғайып, экономиканың драйверіне айналды. «Қараша айында жылдық инфляция 10,5%-ға дейін баяулады. Еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келеді. 79,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 80%-ы - тұрақты жұмыс орындары. Жалпы, биылғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы өсімінің 6,5%-ға дейін жеделдеуі күтілуде. Бұл адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнімді 21,2 мың АҚШ доллары деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Е.Досаев. Алматы қаласынан бюджетке түсіп жатқан қаражат көлемі де ұлғайды. 11 айда мемлекеттік қазынаға жөнелтілген түсімдер 34,5%-ға өсіп, 4,9 трлн теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттегі үлес 35,3%-ға жергілікті бюджеттегі үлес 32%-ға артты. «Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында мәслихат Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Ол Мемлекет басшысының қаланы орта мерзімді дамытудың негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Алматының 2024 - жылға арналған бюджеті 1 триллион 624 млрд теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 51,8%-ға немесе 553,4 млрд теңгеге көп», – деді шаһар басшысы. Жергілікті бюджеттің қаржыландыру көлемі 26%-ға ұлғайып, 726 млрд теңгеге жетіп қалды. Оның әлеуметтік бағыты сақталып қалды, бұл бюджет шығындарының шамамен 45%-ын құрайды. ortcom.kz/...219
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады Нұрлан Жақыпов: ✅Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді; ✅холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады: ➤ олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді. ❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.