5 лет назад
Асхат Аймағамбетов министр болғалы білім саласында не өзгерді?
Қазақстанда ең көп реформаланып, жиі сыналатын сала - білім беру, тіпті ел азаматтары бұл салада болатын әр өзгеріске күмәнмен қарауды үйреніп алды. Осы жылдың 13 маусымында ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, реформа белгілі бір проблеманы шешу үшін ғана жасалуы қажет. XXI ғасырда мектептің, білім мен ғылымның өзгермеуі мүмкін емес. Бірақ сол өзгеріс заманға сай, мұғалім мен ата-анаға түсінікті болуы керек. Сондықтан өзгерісті белден басып емес, оларға түсіндіре отырып жүргізу керек, – дейді министр бұқаралық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында...