Түйіндеме Елміз 30 елдің қатарына кіру мақсатында қабылданған «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасының еліміз үшін маңызы зор. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық кодтты сақтап, қазақы құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді сақтау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің президенттік тізгінді қолға алғаннан кейін Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында-ақ мәдениеттің үштағаны – кітапхана, музей, театрға қолдау көрсетуді Үкіметке тапсыруы тегін емес. Олай болса руханияттың үш тағаны болған...
«Естімеген елде көп» деген осы шығар, облыс басшысының атына Оңтүстікте айтылған мадақсөз лезде бүкіл Қазақстанға жайылды. Қарапайым халық «Ойпыр-ай, Өмірзақ расында да осындай ма еді?» десіп, таңырқасып жатыр. Таңырқаса, таңырқайтынындай бар, өйткені айтушы облыс басшысының тындырып жатқан тірлігін «Абылай хан мен Ақсақ Темірдің өзі жасай алмады» дегенге келтірген. Өткен жұма күні Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халыққа есеп беру жиынын өткізіп, онда былай депті: «Түркістан облысы қайта құрылғалы бері аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. 2019 жылы облыс бюджеті 561 млрд теңгеден, жыл соңына дейін 778 млрд теңгеге жеткен...