Ядролық физика институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті АЭС үшін кадрларды бірлесіп даярлау туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Үш сатылы білім беру бағдарламасын дайындау «Ядролық физика және технологиялар», «Ядролық энергетика», «Ядролық реакторлар мен материалдар» және «Ядролық инженерия» сияқты атом электр станциялары үшін қажетті мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Болашақ мамандар Ядролық физика институтының базасында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша практикадан өтеді, онда оларға ССР-Қ атомдық зерттеу стационарлық реакторында және сыни стендте практикалық дайындықтың бірегей мүмкіндігі беріледі. Жалпы білім беру пәндері бойынша теориялық дайындықты АЭжБУ, ҚазҰУ және Сәтбаев университеттерінде алады. «Ядролық физика институты еліміздің университеттерімен ғана емес, жетекші шетелдік институттармен де кадрлар даярлау бойынша табысты ынтымақтастыққа ие. Ядролық зерттеулер институтымен бірлескен бағдарламаның нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос диплом бағдарламасы бойынша 200 бакалавр және магистр студенттері дайындалды. Сондай-ақ Институт CERN, MIT сияқты ірі ұйымдармен және университеттермен ынтымақтастықта. Олар Na62, DUNE, Nike әлемдік эксперименттеріне қатысады және кадрларды даярлау бойынша үлкен халықаралық тәжірибесі бар. Сондықтан атом электр станциясы үшін кадрларды бірлесіп даярлау еліміздің атом саласын дамытудағы маңызды қадам болады деп ойлаймын»,- деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки. Таныстырылым барысында бас директор Саябек Сахиев Ядролық физика институтының АЭС үшін болашақ кадрларды даярлау бойынша барлық қажетті базасы бар екенін атап өтті. «Институттың АЭС үшін болашақ кадрларды даярлау үшін өте үлкен тәжірибесі мен инфрақұрылымы бар. Мұнда зерттеу стационарлық реакторы, сыни стенд, түрлі типтегі үдеткіштер бар. Сондай-ақ Институт базасында АЭХА (МАГАТЭ) қолдауымен үш оқу орталығы жұмыс істейді, олардың қызметі атом саласы үшін кадрлар даярлаудан тұрады. Институт базасында Қазақстан Республикасының атом саласы үшін 300 ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды», – деді С.Сахиев. Кездесу аясында ғылым және жоғары білім вице-министрі мен университет өкілдері ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторына барды. ССР-Қ зерттеу реакторы – Қазақстан Республикасындағы жалғыз көп мақсатты атом реакторы, оның негізінде іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулері мен реакторішілік сынақтардан басқа, өнеркәсіп үшін медициналық радиоизотоптар мен гамма көздер өндіріледі, нейтрондық-активациялық талдау, нейтрондық радиография және нейтрондық рефлектометрия бойынша жұмыстар жүргізілуде. ortcom.kz/...303
Вышел в свет мой новый учебник по физике на основе новейшей версии научной аксиоматики физики (Никеров В.А. Физика: Учебник и сборник задач, 3-е изд., перераб. и доп. ИТК Дашков и К. 582 с. 2024. Рекомендован Минобрнауки РФ). В нем содержится наиболее полная на сегодня версия аксиоматики в объеме 800...