Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Дүниежүзілік FIRST Robotics қозғалысы аясында іріктеу ойындары 21-29 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтеді. Жарыс Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Robotics қоғамдық қорының қолдауымен өтеді. «Биылғы жарыс энергия тақырыбы аясында өтіп жатыр. Роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек, балалар инновациялық жобалармен айналысады. Өңірлік кезеңге өту үшін әрбір команда әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар түрлі энергетикалық станцияларға барып, репортаж жасап, сарапшылардан сұхбат алды. Онымен қоса, оқу орындарында шеберлік сабақ өткізді, сондай-ақ, өздерінің жергілікті қоғамдастығы ішінде маңызды мәселелерді көтерді. Балалардың еңбектерін #FIRSTKZ2023 хэштегі арқылы инстаграм желісінен тамашалауға болады. Ақпанның 24-26 аралығында Астанада өтетін Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары ел намысын қорғауға Хьюстонға, АҚШ-қа барады. Айта кетейік, жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Бұған себеп Оқу-ағарту министрлігінің қолдауы. Осы бағыттағы үйлесімді еңбектің нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында біздің оқушылар Женевада өткен FIRST Global Challenge Дүниежүзілік жарысында жеңіске жетті. Кейін Шымкент қаласының оқушылары Дортмунд қаласында өткен робототехника бойынша Халықаралық Олимпиадада алғаш рет екінші орын иеленді», - деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов. Соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті. ortcom.kz/...435
Робототехникадан Орталық Азия ойындары 24-26 ақпан аралығында елордалық Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Чемпионат үш жас санатында өтеді: 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған First LEGO League Explore, 10-16 жас аралығындағы FIRST Lego League Challenge және 12-18 жас аралығындағы FIRST Tech Challenge. Жеңімпаздар халықаралық кезеңде Американың Хьюстон қаласына ел намысын қорғауға аттанады. Биылғы маусым энергияның өзекті тақырыбына арналған. FIRST жарыстарының бірегейлігі роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек балалар инновациялық жобасымен жұмыс істеп, өз қауымдастығының өзекті мәселелеріне инженерлік шешімдер жасауда, – деп атап өтті Ustem Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметов. Ойын ұйымдастырушыларының айтуынша, өткен жылдың соңынан бастап әр команда #FIRSTKZ2023 хэштегімен әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар әртүрлі энергетикалық станциялардан нақты репортаждармен жұмыс істеді, сарапшылардан сұхбат алды, оқу орындарында презентациялар мен шеберлік сыныптарын өткізді. Оқушылар жарысқа дайындық аясында жоғары оқу орындарының студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Осы бағыттағы барлық тараптардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында Қазақстан оқушылары Женевадағы робототехника бойынша first GLOBAL CHALLENGE Бүкіләлемдік жарыстарында жеңіске жетті. Кейінірек қазақстандық оқушылар алғаш рет Дортмундтағы робототехника бойынша халықаралық олимпиадада екінші орынға ие болды. FIRST Robotics Дүниежүзілік қозғалысының іріктеу матчтары Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтті. Оларға 2 мыңнан астам оқушы қатысты. Соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті. Орталық Азия чемпионаты үш күнге созылады. Ойындардың ресми жабылуы 26 ақпанда өтеді. baq.kz/...279