Сеня рядом и Белла пришел. Былое
Неліктен Ресей империясы Қазақ жерін Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады?
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басынан бастап Ресейде І Петр басқарған тұста - Ресей Үндістанға шығуға қадамдар жасады. Ресей елінің билеуші топтары мен саудагерлерін Үндістанның базарлары жайлы XVI ғасырдағы орыс саяхатшысы Афанасий Никитиннің "Үш теңізге дейінгі саяхат" еңбегі әсер етсе керек - Үндістанға ағылшындардан бұрын баруға талпынды. Орта жолда оларға Жоңғарлар бақылаған Шығыс Түркістандағы көшіп жүретін алтын құмдар жайлы әңгімелерде өз әсерін берді. Үндістанға ағылшындар, француздар, голландықтардан бұрын жетуді көздеген Ресей билігі құрлықты жолды бақылауды ұстауға талпынды...
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ НОҒАЙЛЫ МЕМЛЕКЕТІ
Ноғайлы атауы Алтын Орда заманында моңғолдардың батысқа жорық кезінде көзге түскен түменбасы Ноғайдың есімімен байланысты. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Қара теңіз маңы, Молдавия мен Болгарияның билеушісі болып Ноғай (Берке ханның немере інісі) тағайындалып, оған XIV ғ. Ноғайлар (ноғай татарлары) деп атала бастаған, негізінен қыпшақтардан тұратын 30 мың әскер бөлінді. Ноғай қыпшақтық Алтын Орда хандығында үлкен ықпалға қол жеткізді. Ол Днепрден Дунай сағасына дейінгі, сонымен бірге Болгария мен Молдавия жері енетін, Қара теңіз маңының жартылай тәуелді билеуші болды[1, 68б]...