5 лет назад
226-шы Қара пайым-сөз: Қазақы тарих пен Ғылыми тарих неге бір-біріне қабыспайды?
Айтқалы отырған ойларымды дұрыс түсінулеріңіз үшін әуелі аз-аздап кіріспе, түсініктемелер жазуым қажет болып тұр. Себебі, жазбаларымды бірінен кейін бірін топырлатып тізіп қойсам, Сіздер «бұл не нәрсе өзі?» деп біраз миларыңыз ашитыны маған мәлім. Себебі, бұл жазбаларыма ұқсас жазбалар бұрын жазылмады, қысқасы баламасы жоқ. Ойым түсінікті болу үшін қазіргі еуропалық және ресейлік ғылыми тарих қазақтың тарихын қалай жазатынынан мысалдар келтірейін: «Тас дәуірі, Палеолит, Мезолит, Неолит, Энолит, Қола дәуіріндегі тайпалар: Андронов мәдениеті, Синташты мәдениеті, Срубная мәдениеті, Фатьяново-Балановская мәдениеті; Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті Темір дәуірі...