Esmira Memmedova - Xeyallarimin İnsani 2020 / Official Klip
Аутизм спектрі бұзылған балалардың эмоционалдық кемшіліктерін ойын жаттығулары арқылы түзету
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғамда аутизм спектрінің бұзылыстары жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде шамамен 160 баланың 1-інде аутизм спектрінің бұзылуы бар және бұл сан үнемі өсіп келеді. Аутизм спектрінің бұзылыстары әлеуметтік өзара әрекеттесу, қарым-қатынас және шектеулі қызығушылықтар мен мінез-құлықтағы ауыр бұзылулармен сипатталады. Дегенмен, аутизм спектрінің бұзылуы ең маңызды және күрделі аспектілерінің бірі балалар мен олардың отбасыларының өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін эмоционалдық тапшылық болып табылады. Аутизм спектрінің...
Жалпы эмоциялар туралы сөйлсетін болсақ ,менің эмоцияларым және басқару амалдарым өте ерекше . Әрбір адам – өзіндік сезімдер мен эмоциялар әлеміне ие. Эмоциялар біздің өмірімізді мәнді әрі түрлі түсті етеді, бірақ оларды басқара білу де өте маңызды.Мен үшін эмоциялық әлем – бұл ішкі сезімдерімнің, ойларымның және мінез-құлқымның айнасы. Басқалар секілді мен де әртүрлі жағдайларда әртүрлі эмоцияларды бастан кешіремін. Қуаныш пен шабыт, қобалжу мен үрей, ашу мен өкініш – бұлардың барлығы менің өмірімнің бір бөлігі. Кейбір сәттерде өзімді сенімді әрі жігерлі сезінемін, ал кейде күйзеліс пен белгісіздік билейді. Маған ең жақын эмоциялар – қуаныш, шабыт және ынта. Жаңа нәрселерді үйрену, мақсаттарыма жету немесе сүйікті ісіммен айналысу мені бақытты етеді. Маңызды шешімдер қабылдау қажеттіліг туғанда уайым мен қорқыныш пайда болады.Бір адамды көріп ,кенеттен оған бауыр басу сезімі ,одан соң ол жанымда болғанда қуаныштың пайда болуы,кейбір жанды ұнатпай маған жолағанын жақтырмауым,себепсіз ашулануым-барлығы да эмоция ғой. Эмоцияларды толықтай бақылау мүмкін болмағанымен, оларды басқара білу – табысты әрі үйлесімді өмір сүрудің маңызды бөлігі.Эмоцияңды басқару,саған не әсер ете алады не әсер етпейді барлығы да өз қолыңда .Осы тұста мен өз эмоцияларымды басқару мақсатында бірнеше әдіс-тәсіл қолданып жүрмін.Біріншіден, кез келген сезімді автоматты реакция ретінде қабылдамай, оның себебін түсінуге тырысамын.Бұл әрине қиындау ,дегенмен өзімді мазалайтын ойларымды қағазға жазып, оларды талдау маған көмектесуде. Терең тыныс алу және медитация – стресс кезінде көмектесетін әдістер.Бірақ та мен таңертең жасауға кеңес берер едім .Себебі,қиын жұмыс күнінің алдында шынымен сізді дайындайды.Музыка тыңдау немесе табиғатта серуендеу де жағымсыз эмоциялардың алдын алады, көңіл-күйімді жақсартады. Әр жағымсыз эмоцияның артында белгілі бір себеп бар екенін түсіндім.Қиындықтарға,сынақтарға мүмкіндік ретінде қарауға тырысудамын.Бұл да стресстің алдын алуға мүмкіндік беруде. Егер де ашулансам, оны өзгелерге агрессия ретінде көрсетпей, өз ойымды сабырлы түрде жеткізіп үйрену өте маңызды.Қуанышыммен де, уайымыммен де жақын адамдарыммен бөлісу мені іштен тыну мен жалғыздық сезімінен құтқарады. Менің эмоциялық әлемім – ішкі дүниемнің көрінісі. Кейде оны басқару қиын болғанымен, саналы түрде эмоцияларымды бақылап, оларды дұрыс бағытта пайдалануға тырысудамын.Бұл тұста әр эмоцияны зерттеп,оның неден шыққанын түсіну де үлкен роль атқарады.Өзім білмейтін салада адасқаннан гөрі,нағыз экперттермен жұмыс жасап ,осы саланың мамандарынан кеңес алған жөн деп ойлаймын.Сол себептен әртүрлі платформалардан осы тақырыпұқа байланысты лекциялар мен талдау жұмыстарын қараудамын.Жағымыз эмоциялар біздің жүйке жүйемізге өте нашар әсер етеді.Ал оларды шығармай ,сол күйі қалдыру ,яғни,олармен тиісінше жұмыс жасамау ауыр салдарға ,тіпті үлкен қауіпке алып келуі мүмкін.Оларды барынша дұрыс шығарып үйрену де маңызды. Эмоцияларды басқару – менің жеке дамуым мен психологиялық тепе-теңдігімді сақтау жолындағы маңызды қадамым деп білемін.