06:44
1,0×
00:00/06:44
641,5 тыс смотрели · 4 года назад
Непалдағы - "әлеуметтік желі" төңкерісі. Z толқыны
Сөзсіз, қазіргі революциялар мен саяси тұлғалар - парақшалар таратып, ел аралап, жылдар бойы дайындалып жүзеге аспайды. Түрткі оқиға жантүршігершілік не эмоцианалды болса болғаны. Қалғанын әлеуметтік желілер арқылы ескен үндеулер мен ақпараттар өз нәтижесіне жеткізеді. Ұялы телефондағы мессенджер арқылы тараған үндеулер - дамыған мемлекеттер мен енді ғана дағдарыстан шығып жатқан мемлекеттердің ірі қалаларын лезде толтырады. Аса бір қару асынып - билікке қарсы шығып, әкімшілік ғимараттарды басып алудың қажеті жоқ...
Неге 2010-2011 жж. араб елдеріндегі азаматтық толқу - "араб көктемі" деп аталды?
2010 жылы желтоқсан айында араб елі Тунис мемлекетінде қоғамнан өз орнын таба алмаған - күнкөріс қамымен нәпақасын асырып, отбасын асырап жүрген Мұхаммед Буаззиди есімді жігіттің - мемлекеттік жүйеге қарсы жергілікті әкімшіліктің алдында өзін отқа өртеуімен басталған наразылық, қоғамның наразылығын туғызып - араб елдерінде жаппай наразылыққа ұласқан болатын. Наразылық Ирак, Тунис, Египет, Алжир, Ливия, Марокка, Бахрейн, Ливан, Оман елдерінде орын алған болатын. Күйікпен ауруханаға түскен Мұхаммед Буаззидің жағдайын Тунис президент Мұхаммед Бен Али барып білген болатын...