ОРТАҒАСЫРЛЫҚ НОҒАЙЛЫ МЕМЛЕКЕТІ
Ноғайлы атауы Алтын Орда заманында моңғолдардың батысқа жорық кезінде көзге түскен түменбасы Ноғайдың есімімен байланысты. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Қара теңіз маңы, Молдавия мен Болгарияның билеушісі болып Ноғай (Берке ханның немере інісі) тағайындалып, оған XIV ғ. Ноғайлар (ноғай татарлары) деп атала бастаған, негізінен қыпшақтардан тұратын 30 мың әскер бөлінді. Ноғай қыпшақтық Алтын Орда хандығында үлкен ықпалға қол жеткізді. Ол Днепрден Дунай сағасына дейінгі, сонымен бірге Болгария мен Молдавия жері енетін, Қара теңіз маңының жартылай тәуелді билеуші болды[1, 68б]...