Бұл айтыс басқа айтыстардан өзгеше болды деп айтсақ қателеспеспіз. Қос ақын да жиналған көпшілікпен сәлемдесіп алып, бірден талас-тартысқа көшті. Қашаннанда өткір сөзімен, қарсыласының қандай болсын дәрежесіне қарамастан сөзбен мұқалып отыратын Мұхтар осы жолы да сол әдістен айнымады. Айнұр бас киіміне тоқталып, «бұл жақтан да алтын адам табылған ба?» деп әзілдеп, өзінің бүгінгі жағдайы жайында былайша жеткізді. Мұхтар: Кербұғыдай қасына келіп тұрмын, Кең жүрек жеңгем ғой деп, жанын анық. Сенен бірақ мейірім көрмей тұрмын, Қабақ түйіп қарайсың, тағыланып...