Сеня рядом и Белла пришел. Былое
259-шы Қара пайым-сөз: Қазақ халқының тарихи шежіресі әлі қалыптасу үстінде екендігі анық байқалады
Төменде беріліп отырған бүгінгі бар қазақ халқының «Қазақы тарих шежіресіне» [1] қатысты бір-екі ойыммен бөлісейін. Бүгінгі қазақ тайпалары мен руларының (кіші рулар жақша ішіндегі санмен берілген) көпшілігі Шыңғысхан империясының құрамына енген 60 тайпаның жұртынан құралғаны анық көрініп отыр. Орта жүздің Найман мен Уақ тайпаларының құрамындағы «Ергенекті» деген сөз ежелгі замандағы «Ергене қон» ұғымымен тығыз байланысты деп білемін. КСРО кезіндегі тоталитарлық режимнен есеңгіреп шыққан еліміз соңғы 30 жылда толықтай «есін жиып, етегін жауып» үлгерген жоқ. Соңғы 80-85 жыл шамасында, қазақ халқы аса үлкен шығынға ұшыраған жоқ...
ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ЕЛДІК МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДЕГІ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
Аты елдің аузында аңыз болып қалған, жазбаша деректер емес ауызша деректерде көп кездесетін Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың есімі ел тарихында алатын орны ерекше. Жастайынан ел басқаруға араласып, руаралық дауларды шешіп, «Жеті жарғы» заңдарын жасауға қатысып, Қазақ хандығының елшілік қызметін атқарып елдік мәселені шешкен Қаз дауысты Қазыбек бидің өмір тарихы жайлы деректер көбіне орыс деректерімен, орыс зерттеушілерінің жазбасымен бізге жетіп отыр. Осы деректер негізінде Отандық зерттеушілер Қазыбек бидің тарихи бейнесін одан әрі зерттеп, қалың оқырманға жеткізді...