sfd
Қазақ ру-тайпалық бірлестігінің - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атану себептері:
Аталмыш этнологиялық, тарихи сұрақпен айналыспаған тарихшы кемде-кем шығар. Тіпті, шетелдік зерттеушілерде өз пікірін айтып, жорамалын хатқа түсірген. Мұндай ізденістерді - Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, С. Аманжолов, Т. Сұлтанов, С. Мұқанов, Б. Ахмедов өзінің теориялық негіздемелерін айтқан болатын. Аталмыш тақырыппен айналысушы тарихшыларда баршылық. Осыдан, он шақты жыл бұл магистратурада оқып жүрген кезде бізге сабақ берген Зарықбек Сламбекұлы жүз ұғымын - беткей деп түсіндірген болатын...
259-шы Қара пайым-сөз: Қазақ халқының тарихи шежіресі әлі қалыптасу үстінде екендігі анық байқалады
Төменде беріліп отырған бүгінгі бар қазақ халқының «Қазақы тарих шежіресіне» [1] қатысты бір-екі ойыммен бөлісейін. Бүгінгі қазақ тайпалары мен руларының (кіші рулар жақша ішіндегі санмен берілген) көпшілігі Шыңғысхан империясының құрамына енген 60 тайпаның жұртынан құралғаны анық көрініп отыр. Орта жүздің Найман мен Уақ тайпаларының құрамындағы «Ергенекті» деген сөз ежелгі замандағы «Ергене қон» ұғымымен тығыз байланысты деп білемін. КСРО кезіндегі тоталитарлық режимнен есеңгіреп шыққан еліміз соңғы 30 жылда толықтай «есін жиып, етегін жауып» үлгерген жоқ. Соңғы 80-85 жыл шамасында, қазақ халқы аса үлкен шығынға ұшыраған жоқ...