sfd
Мәскеуде генералдарға майданнан да қауіпті: Алексеевке жасалған шабуыл нені аңғартады?
Мәскеуде Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас барлау басқармасы (ГРУ) басшысының бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Владимир Алексеевке жасалған шабуыл — жеке бір қылмыстық оқиға ғана емес, Ресейдің әскери-саяси жүйесіндегі терең өзгерістердің белгісі болуы мүмкін.
Қастандық Ресей, АҚШ және Украина арасында Әбу-Дабиде келіссөздер жүріп жатқан сәтте орын алды. 64 жастағы генерал өз үйінің кіреберісінде арқасынан бірнеше рет атылып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Үш оқ тиген. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, оның өміріне тікелей қауіп жоқ екенін хабарлады...