06:44
1,0×
00:00/06:44
562,2 тыс смотрели · 4 года назад
🔶Қазақстанда екі әскери колледж ашылады: алғашқы қабылдау биыл жүргізіледі Жоғары білімді Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында, Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында және Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында алуға болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттыруды жүргізеді. Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучинск және Шымкенттегі үш әскери колледж ұсынады. Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады. «Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында тағы екі әскери колледж – Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі мен Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжін ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл аталған әскери колледждерге негізгі орта білім беру базасында алғашқы қабылдау өткізіледі»,-деді ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Болашақ әскери қызметшілер дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы, барлау, десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару, заттай қамтамасыз ету және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша даярланады. 🔶В Казахстане откроются два военных колледжа: первый набор уже в этом году Высшее образование можно получить в военном институте Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова в г.Алматы, военном институте Сил воздушной обороны имени Талгата Бегельдинова в г.Актобе и военно-инженерном институте радиоэлектроники и связи в г.Алматы. Послевузовское образование - в Национальном университете обороны в Астане, который также ежегодно проводит повышение квалификации более 1000 человек. Техническое и профессиональное образование предлагают три военных колледжа в Астане, Щучинске и Шымкенте. В колледжах обучаются профессиональные сержанты для мотострелковых, танковых, артиллерийских и инженерных подразделений, войск связи, подразделений по эксплуатации и ремонту вооружения и военной техники. «Кроме того, министерством обороны ведется работа по открытию еще двух военных колледжей на базе республиканских школ «Жас улан» – военно-спортивного колледжа имени Бауыржана Момышулы в Алматы и военного колледжа имени Талгата Бигельдинова в Караганде. В текущем году будет проведен первый прием в данные военные колледжи на базе основного среднего образования», - сказал начальник Департамента военного образования и науки МО РК полковник Мурат Олжабаев на пресс-конференции в СЦК. Будущих военнослужащих будут готовить по таким специальностям, как инструктор по физической культуре и спорту, управление разведывательными, десантно-штурмовыми подразделениями, управление подразделениями ракетных войск и артиллерии, вещевое обеспечение и продовольственное обеспечение. @ortcom_kz #CCS
Қорғаныс министрлігінің қарамағында екі әскери колледж бар: Щучье қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы және Астана қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждер. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов колледждерге түсу шарттары туралы айтып берді.Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж – «Әскери қызметтегі кіші менеджмент» мамандығы: мотоатқыштар бөлімшелерін басқару, танк бөлімшелерін басқару, зымыран және артиллерия бөлімшелерін басқару біліктілігі бойынша жалпы орта білім базасында оқу мерзімі 1 жыл 10 ай, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші офицерлерді даярлайтын әскери оқу орны. «Әскери колледжге түсуге құқығы барлар: әскери қызмет өткермеген, қабылданған жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған азаматтар; әскери қызмет өткерген азаматтар және міндетті әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметкерлер қабылданған жылы 24 жасқа толғанға дейін; әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер 25 жасқа толғанға дейін  шарт жасайды», - деді Ж. Ахметов. Азаматтарды әскери колледжге қабылдау 1-20 тамыз аралығында өтеді. Қабылдау комиссияларының шешімдері 21 тамыз сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет-ресурста орналастырылады. С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар», «Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету», «Әскери істегі кіші буын менеджменті» осы үш мамандық бойынша 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен негізгі орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. «Колледж жеткіншектерді оқу орнының 9 сыныбын қабылдау жылы бітірген орта білім алып, негізгі орта білімді аяқтағаны туралы аттестат алған, жасы 15-тен кіші емес, бірақ 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды», - деді спикер. htortcom.kz/...574