Салли Кромсали и Балди Разгадали Новый Секрет Злой Бабушки Гренни все серии Страшилки мультики
Отандық әскери білім беру жүйесіне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық жүзеге асырылатын Ұлттық қорғаныс университеті, үш әскери жоғары оқу орны, екі колледж және Алматы, Шымкент пен Қарағандыдағы «Жас Ұлан» үш республикалық мектебі кіреді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов әскери мамандарды даярлау ерекшеліктері туралы баяндады. Оның айтуынша, Ұлттық қорғаныс университеті төрт мамандық бойынша докторантура және басқарудың жедел-тактикалық, стратегиялық және жедел-стратегиялық деңгейлеріндегі магистратура бағдарламаларын іске асырады. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша дайындық барлық дерлік әскер түрлері мен Қарулы Күштер түрлерінің негізгі мамандықтарын қамтитын үш әскери институтта жүзеге асырылады. «Құрлық әскерлерінің Әскери институты (Алматы қ.) командалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың жүйе құраушы жоғары оқу орны болып табылады. Институт 6 мамандық және 14 біліктілік бойынша офицерлік кадрлар даярлайды. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қ.) ӘК Әуе қорғанысы күштері, ІІМ авиациясы және ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін ұшу және инженерлік-техникалық құрамды даярлау орталығы болып табылады. Институт 5 мамандық және 11 біліктілік бойынша офицерлік кадрлар даярлайды. Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Әуе қорғанысы, байланыс, автоматтандырылған басқару жүйелері, ақпаратты өңдеу және қауіпсіздік мамандарын даярлау орталығы болып табылады. Институт 6 мамандық және 9 біліктілік бойынша офицерлерді даярлайды», - деді спикер. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес әскери оқу орындарында Тәжікстан, Қырғызстан және Армения өкілдері білім алуда. Бұдан басқа, Қарулы Күштердің қажеттіліктерін ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі ұшу, Теңіз, Құрлық, инженерлік, медициналық және гуманитарлық мамандықтар бойынша тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша шетелде әскери кадрлар даярлауды іске асырады. ortcom.kz/...753
Қазақстандық ЖОО-да білім алуға арналған стипендиалды бағдарлама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады. Грант саны: 1. Бакалавриат – 490 2. Магистратура – 50 3. PhD докторантура – 10 Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2022 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін тапсыра алады...