Алтай
Отандық әскери білім беру жүйесіне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық жүзеге асырылатын Ұлттық қорғаныс университеті, үш әскери жоғары оқу орны, екі колледж және Алматы, Шымкент пен Қарағандыдағы «Жас Ұлан» үш республикалық мектебі кіреді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ҚМ әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов әскери мамандарды даярлау ерекшеліктері туралы баяндады. Оның айтуынша, Ұлттық қорғаныс университеті төрт мамандық бойынша докторантура және басқарудың жедел-тактикалық, стратегиялық және жедел-стратегиялық деңгейлеріндегі магистратура бағдарламаларын іске асырады. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша дайындық барлық дерлік әскер түрлері мен Қарулы Күштер түрлерінің негізгі мамандықтарын қамтитын үш әскери институтта жүзеге асырылады. «Құрлық әскерлерінің Әскери институты (Алматы қ.) командалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың жүйе құраушы жоғары оқу орны болып табылады. Институт 6 мамандық және 14 біліктілік бойынша офицерлік кадрлар даярлайды. Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты (Ақтөбе қ.) ӘК Әуе қорғанысы күштері, ІІМ авиациясы және ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін ұшу және инженерлік-техникалық құрамды даярлау орталығы болып табылады. Институт 5 мамандық және 11 біліктілік бойынша офицерлік кадрлар даярлайды. Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Әуе қорғанысы, байланыс, автоматтандырылған басқару жүйелері, ақпаратты өңдеу және қауіпсіздік мамандарын даярлау орталығы болып табылады. Институт 6 мамандық және 9 біліктілік бойынша офицерлерді даярлайды», - деді спикер. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес әскери оқу орындарында Тәжікстан, Қырғызстан және Армения өкілдері білім алуда. Бұдан басқа, Қарулы Күштердің қажеттіліктерін ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі ұшу, Теңіз, Құрлық, инженерлік, медициналық және гуманитарлық мамандықтар бойынша тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша шетелде әскери кадрлар даярлауды іске асырады. ortcom.kz/...753
Новый корпус колледжа на 1050 мест и общежитие на 120 мест построят в Турксибском районе Алматы в 2024 году
В 2024 году в районе Турксиб Алматы планируется возведение нового учебного корпуса Алматинского колледжа телекоммуникаций и машиностроения на 1050 учебных мест и студенческого общежития на 120 мест, передает Bizmedia.kz. Вместимость образовательного учреждения после завершения строительства возрастет более чем на треть. Со слов акима Алматы Ерболата Досаева, который сообщил об этих планах на встрече с местными жителями, строительные работы должны начаться в июне 2024 года после сноса существующих зданий...