Базарбайдың Төлеген Талай көштен өтеді. Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады; Шытырма көйлек етінде, Нұр сәулесі бетінде, Бұралып кетіп барады, Перінің қызы секілді. Осы екен деп Қыз Жібек, Жетіп келді қасына – Базарбайдың Төлеген. Артынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, Онан өтіп жөнеген. Енді онан өтеді, Және бір көшке жетеді. Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады; Таң мезгілі болғанда, Шолпанның туған жұлдызы, Кигені алтын, құндызы, Бейіштен шығып келмесе, Бұл жалғанда хор қызы. Осы екен деп Қыз Жібек, Жетіп келді қасына – Базарбайдың Төлеген...