sfd
🕌 🇰🇿 🌸🌹🌺 Қыз Жібек 🌸🌹🌺 🕌 🇰🇿
Базарбайдың Төлеген Талай көштен өтеді. Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады; Шытырма көйлек етінде, Нұр сәулесі бетінде, Бұралып кетіп барады, Перінің қызы секілді. Осы екен деп Қыз Жібек, Жетіп келді қасына – Базарбайдың Төлеген. Артынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, Онан өтіп жөнеген. Енді онан өтеді, Және бір көшке жетеді. Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады; Таң мезгілі болғанда, Шолпанның туған жұлдызы, Кигені алтын, құндызы, Бейіштен шығып келмесе, Бұл жалғанда хор қызы. Осы екен деп Қыз Жібек, Жетіп келді қасына – Базарбайдың Төлеген...
«Құдай-АУ, Қайда Сол жылдар...»(аңызға айналған Махаббат жырлары)
https://qazaqytoi.kz/daj-au-ajda-sol-zhyldar-a-yz-a-ajnal-an-mahabbat-zhyrlary/ Есіңде бар ма жас күнің, Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің – Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар! Жалынасың, боқтайсың, Сағынасың, жоқтайсың. Махаббат кетті, дос кетті – Жете алмайсың, тоқтайсың...