Құрмаңғазы Сағырбайұлының "Адай" күйінің шығу тарихы жәйлі жорамалдар
ХІХ ғасырдағы Ішкі Бөкей Ордасындағы туған композитор, төкпе күйдің шебері Құрмаңғазы Сағырбайұлының туындылары - тарихи оқиғаларды ерекше тебіреніспен танытып, тыңдарманның құлағында өшпес із қалдыратындығы анық. Оның көптеген күйлері - ХІХ ғасырдағы оқиғалар мен тарихи тұлғаларға, тарихи аумақтарға арналады. 1836-1838 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісіне жас ерекшелігіне қатыса алмай, көтерілісті қолдап "Кішкентай" деп күй шығарғаны да үлкен азаматтық көзқарасы деп білген жөн...