Esmira Memmedova - Xeyallarimin İnsani 2020 / Official Klip
57-ші Қара пайым-сөз: «Могиканның соңғы тұяғы» да тұяқ серпер, содан кейін болады болатының...
Сіздер бәрібір түрткілеп маза берер емессіздер, саясаттан басқа талқылайтын ешнәрсе жоқтай. Сұраған екенсіздер айтайын, бірақ дұрыс түсініп алыңыздар. Мен прагматикпін, эмоцияға бой алдырмаймын, басымды кесіп алса да болған нәрсені болды, болмаған нәрсені болмады деп қарап отырамын және бейтарап адаммын. Біреуден бірнәрсе алып, таразының бір басын әдейі қолмен баспаймын, әсіресе, тарих таразысын. Менің пікірім мынадай. Дж.Ф.Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» (By James Fenimore Cooper "The Last of the Mohicans") деген кітабы бар. Чингачгук пен Ункас деген Могикан тайпасының әкелі-балалы ең соңғы...