Кітап – рухани байлықтың бастауына бағаланған құнды қазына
Президентіміздің бастамасымен биылғы сәуір айының 23-і күні тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында алғаш рет Ұлттық кітап күні республикамыздың барлық аумағында кеңінен атап өтілгені баршамызға белгілі. Ұлттық құрылтайдың былтырғы отырысында жүктелген негізгі тапсырмаға сәйкес жоғары деңгейде қабылданған бұл шешім жеке тұлғаның дамуындағы кітаптың рөліне қоғамның назарын бұруға, сондай-ақ жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған болатын. Енді егемен еліміздің мерекелік күнтізбесі тағы бір маңызды мерекемен толығып отыр...