Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Аягөз ауданының тұрғындарын жеке қабылдады
Ауыл тұрғындары Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына жедел жәрдем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету, ауылдарда дәрігерлердің жетіспеушілігі туралы бірқатар мәселелер бойынша жүгінді. Аутист баланың анасы Республикалық орталықта оңалту курсын алуға көмек сұрады. Осы өтініш бойынша министр жергілікті деңгейде құжаттаманы жинауды, зерттеп-қараулар жүргізуді және баланы емдеуге жатқызу порталы арқылы ресімдеуге көмектесуді тапсырды...