Алтай
263-ші Қара пайым-сөз: Жаһанданудың бес жаман ісіне, бес жақсы қасиет қана қарсы тұра алады
Он сегіз мың ғаламда тек бір ғана қасиетті (не жақсы, не жаман, екеуінің біреуі) меңгерген не жанды, не жансыз нәрсе болмайды. Барлық нәрсенің бойында екі қасиет (не жақсы, не жаман) араласып жүреді. Ешбір жанды-жансыз затта, істелетін істе «мынау жақсы, мынау жаман» деген таңба (ярлық) болмайды. Сол себепті адамдар мына өмірде жақсы дегені жаман болып, жаман дегені жақсы болып шығып, тура жол таба алмай, басын тауға да, тасқа да соғып, итшілікпен өмірін өткізеді. Көп айтыла беретін жаһанданудың жақсы және жаман жақтарын бірден жайып салып айту қиын. Мың Қалдархан жиналып, жаһандануды сараптап-саралағанымен, бәрі келіскен бір ортақ шешімді шығару мүмкін емес...
13-ші Қара пайым-сөз: Жақсы әйел жаман еркекті төрге сүйрейді - деген рас екен жігіттер...
Біз білетін Қалдархан ағылшын тілін білмеуші еді ғой, мақалаларын АҚШ-тың «Academia.edu» веб-сайтына ағылшын тілінде (https://independent.academia.edu/KaldarhanKambar) қалай жариялап жүр? – деп таң қалып отырған шығарсыздар. Ия, мен ағылшын тілін білмеймін, бірақ есесіне Құдай қосқан қосағым Ардақ ағылшын тілінің маманы, екі дипломы бар (жалпы төрт дипломы бар, оның екеуі қызыл диплом). Менің қазақ тіліндегі «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» атты кітабымды оқып шыққан соң: «Қалеке, мен жазбаларыңды ағылшын тіліне аударып берейін» деп бастама көтеріп, бәрі содан басталып кетті. Осы Алматыға менің шақыруыммен...