Уолт Дисней — атақты америкалық суретші-мультипликатор, аты әлемге танылған режиссер, актер, сценарист әрі продюсер, толық метражды мультфильмдердің толық сериясын жасаушы. Әлемдегі бүкіл балалар жақсы көретін Микки Маустың, Қоян Освальдтың, Дональд Дактың және 200-ден астам персонаждың атасы. Ол «Оскардың» 29 премиясының және АҚШ жоғары азаматтық үкіметтік марапаты «Бостандық медалі» иегері болды. «Walt Disney Productions» компаниясының құрушысы және әлемдегі алғашқы үлкен сауық-сайрандық «Диснейлэнд» балалар саябағын құрушы болып табылады...
Құтырма ауруының емі жоқ. Алайда, одан сақтану үшін екпе алу керек. Әсет Жұматаев өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында ағымдағы жағдай мен дерттен сақтану жолдарын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Құтырма – өте қауіпті, емделмейтін ауру. Адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, аман алып қалу мүмкін емес. Жұқпалы дертті негізінен үй және дала жануарлары таратады. Яғни, аталған тұяқтылардың сілекейі арқылы адамға жұғады. Соңғы кездері өңірде қаңғыған ит-мысықтардың көбеюінен аурудың бұл түрі тыйылмай тұр...