АЛДАР КӨСЕ (I нұсқа) Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе «мен бір айла қылайын»! деді. Сөйтіп, қатындарға қарап: — Құдағай, менің бір шикі етім бар еді, соны қазандарыңызға салып, пісіріп алуға мүмкін бе? — деп сұрайды. Қатындар: — Мақұл, салып, пісіріп ала ғой, — дейді. Алдар көсе: — Сүйектерің етімді жеп қоймаса, —дейді. — Ойбай, құрысын, ол не сұмдық? Етті сүйек жейді дегенің. Сал, жесе, біздер бір тоқты төлейміз, — дейді. Сонсын Алдар көсе жеңін көлегейлеп тұрып, қазанға қу жауырынды алдап, салып жібереді...