🎬 Әлемдік кинокомпания алғаш рет өз қаражатына қазақша дубляж жасады Алматыда «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінің көрсетілімі болды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы фильмді қазақ тілінде дыбыстаған. Осыдан бір жыл бұрын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы түрлі компанияларға өтініш білдіріп шыққан еді. Disney мен Pixar компаниялары тілегімізді қабыл етіп, бірге жұмыс істеуге келіскен. Сондай-ақ биыл үлкен экранға жол тартатын «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» кинотуындыларын қазақша бейімдеу жоспарланған. @baq_kz