АЛДАР КӨСЕ (I нұсқа) Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе «мен бір айла қылайын»! деді. Сөйтіп, қатындарға қарап: — Құдағай, менің бір шикі етім бар еді, соны қазандарыңызға салып, пісіріп алуға мүмкін бе? — деп сұрайды. Қатындар: — Мақұл, салып, пісіріп ала ғой, — дейді. Алдар көсе: — Сүйектерің етімді жеп қоймаса, —дейді. — Ойбай, құрысын, ол не сұмдық? Етті сүйек жейді дегенің. Сал, жесе, біздер бір тоқты төлейміз, — дейді. Сонсын Алдар көсе жеңін көлегейлеп тұрып, қазанға қу жауырынды алдап, салып жібереді...
Мифтің, аңыздың не екендігін, оның айырмашылығы мен ұқсастығын бағамдап, саралап, көптеген ғалымдар өзіндік анықтамасын беріп кеткен.
«Миф» деген сөзді жұрт екі түрлі, біріне-бірі кереғар келетін мағынада түсінеді...