229 читали · 6 лет назад
Реніш деген не?
Реніш – адамды бүлдіретін көңіл күй. Реніш – бұл тоқтатылған, «буып-түйіп» қойылған ашу. Бірақ, сонда да адамның бет-жүзі мен тәнінде оның белгісі көрініс береді. Ренжіген кезде айнаға қарасаңыз, сұқсырдай болып тас боп қатқан түріңізді көрер едіңіз. Ерніңізді жымқырып алғансыз. Иегіңіз дір-дір етеді. Көзіңізге жас тұнады.  Реніш тұншықтырып барады. Өксік тамаққа тіреледі. Дем ала алмай, қиналып кетесіз. Кеудеңіз басылып, ішіңіз бос боп қалады. Бас айналып, бір жағынан – өмірден баз кешіп, екінші жағынан – тар қапаста қалғандай күй кешесіз...
Қанағат, қайда кеттің сен?..
Кейде осы қазақтың мінезқұлқы кеше қандай еді деген сұрақ туындайды. Бабалардың сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігі, басынан өткерген қилы тағдыры қаншалықты бұралаң болса да, ұлттың ұлы дархандығы ешқашан ортайған емес еді. Қазақ кеңістікті, еркіндікті жанына жалау еткен халық болатын. Ал, бауырмалдық, туысшылдық, қонақжайлық, бір-біріне деген жанашырлық қасиеттерін санай берсек, қолдағы он саусағымыз жетпейтін. Жер бетінде бұл тұрғыдан алғанда бізбен иық тіресетін халық некен-саяқ еді. Қазақтың мінезі даласындай кең, тау суындай тұнық, құзар шыңдай асқақ екені өзімізге де, өзгеге де аян...