1 прочтение · 1 год назад
ОКҚ Қонаев қаласында өткен көшпелі брифингінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс орталығының даму бағыттарына тоқталды. Қонаев қаласының дамуы бойынша бас жоспар және алдағы бес жылға арналған кешенді жоспар әзірленіп, мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтуде, дейді әкім. Қала халқының саны бір жыл ішінде он мыңға өскен. Көшіп келген сәттен бастап-ақ қаланың тіршілік инфрақұрылымы мен объектілерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Мәселен, өткен жылы 35 шақырым инженерлік және жол инфрақұрылым желілері жөнделіп, 65 қалалық нысан абаттандырылды. 900 орындық мектептің, жеке инвесторлар есебінен көппәтерлі 43 үйдің құрылысы жүргізілуде. МЖӘ тетігімен сорғы станцияларын қайта жөндеу жүзеге асырылуда. Белгілі урбанистер қалалық жағажайды жайластыру жұмыстарын қолға алды. «Сонымен қатар кешенді жоспар аясында әкімшілік ғимараттар, көп қабатты тұрғын үйлер, кардиологиялық орталық, дарынды балаларға арналған мектептер, колледждер, драма театры, конгресс холл, стадион, спорт кешендері сияқты ірі нысандар салу көзделген», – деді М. Сұлтанғазиев. Осы ретте әкім Президент тапсырмасына сәйкес, ЖОО-лар мен колледждер шоғырланған академиялық қалашық жастарды тартуға және халықаралық деңгейдегі білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге септігін тигізетінін айтты. Нәтижесінде, Қонаев қаласы дамыған іскерлік, қаржылық, ғылыми және туризм, жалпы спорт бойынша жастар нүктесіне айналады. «Болашақта G4 City Қонаев қаласын қоса алғанда, агломерация ауқымы 100 шақырымға дейін кеңейіп, 4 млн халықты қамтитын болады. Биылғы маңызды оқиға – ол G4 City аумағында 30 мың га еліміздегі ең ірі арнайы экономикалық аймақтың құрылуы. Жобаны толық іске асырған жағдайда 3,7 трлн теңге инвестиция тартылып, 3,2 трлн салық түсімдері түсіп, 34 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде», – деп түйіндеді облыс басшысы. ortcom.kz/...072
2 прочтения · 2 года назад
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың жүзеге асу барысымен танысты, олардың арасында ұлттық жобалар аясында жүзеге асып жатқан нысандар бар. Алтай Көлгінов «Оқушылар сарайының» құрылысымен танысты. Әкімдіктің мәліметі бойынша, ғимаратта мини-футболға, волейболға, баскетболға және жаттығу жасауға арналған алаңдар бар. Онда 2 мың оқушы спортпен айналыса алады. Орталық биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Шымкентте Конгресс-холл салынып жатыр. Вице-премьердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте тағы бір «Оқушылар сарайы» салынбақ. Онда да оқушыларға қосымша білім беруге және үйірмелер ұйымдастыруға мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар опера және балет театры салынады. Жұмыс сапары барысында Алтай Көлгінов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында салынатын білім беру нысандарының жобаларымен танысты. Жоба аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа форматтағы мектептердің салынуы үш ауысыммен оқыту мәселесін толығымен шешіп, қосымша оқушы орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Шымкентте бірқатар медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Премьер-Министрдің орынбасары пандемия кезінде салынған инфекциялық ауруханаға барды. Қазір қалада 315 пациентті қабылдай алатын жалғыз балалар ауруханасы жұмыс істеп тұрғанын ескере отырып, инфекциялық аурухананың ғимаратын балалар ауруханасының балансына беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ көпбейінді аурухана салу да жоспарланған. Онда жұмыс істеп тұрған емханалардың жұмысын жеңілдету үшін емхана жұмыс істейтін болады. Көпбейінді ауруханада заманауи талаптарға сай келетін Ядролық медицина орталығы ашылады. Бұл сапалы медициналық кадрларды дайындауға жол ашады. Осындай көпбейінді ауруханаларды бірқатар өзге өңірде салу жоспарда бар. Мұнан бөлек 12 перенаталдық орталық салу жоспарланған. Солардың бірі Шымкентте орналасады. А. Көлгінов биыл жоспарлау жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл орталық «Ақ жайық» шағын ауданында 2026 жылға дейін салынады. Әкімдіктердің алдына ұлттық жобаларды сапалы іске асыру және әлеуметтік жобалардың құрылысын уақытылы аяқтау міндеті қойылған. Бұл мәселелердің барлығы – Мемлекет басшысының бақылауында. ortcom.kz/...546