1 день назад
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы | Qurmanǵazy Saǵyrbaıuly Құрманғазы Сағырбайұлы (1818–1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы, домбырашы, қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы болып табылады...