2 прочтения · 1 год назад
«Астана Опера» театры өзінің 11-ші театр маусымын аша отырып, дәстүр бойынша талғампаз көрермендерінің назарына ұлттық классиканың жауһары - «Абай» операсын ұсынды. Осы және белгілі шығармашылық ұжымның көрермендеріне қандай тосынсый дайындап отырғаны жайлы «Астана Опера» педагог-репетиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейтбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтып берді. «Жаңа маусымда 15 қыркүйекте балет труппасы «Золушка» спектаклін ұсынды, бұл сәнге айналған қойылым, оны әлі көрмегендердің бәріне көруге кеңес беремін. Сценография, жарықпен безендіру, костюмдер мен реквизиттер, кинематографиялық тәсілдер көрермендерге керемет әсер қалдырады», – деді спикер. Сондай-ақ театр өкілі өткен демалыс күндері Грузия астанасында опера труппасының гастрольдері зор табыспен өткенін хабарлады. Тбилисидегі гастрольдер айтулы оқиға болды. Қазақ опералары мен аспаптық нөмірлердің үлкен блогынан тұратын әсерлі гала-бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ әлемге әйгілі композиторлардың операларынан танымал ариялар мен ансамбльдер шырқалды. «Қазір біздің балет труппамыздың желтоқсан айында «Щелкунчик» жаңа жылдық балетін ұсыну жоспарланып отырған «Дубай опера» сахнасындағы гастрольдік сапарлары туралы келіссөздер жүргізілуде. Жалпы, маусымның бірінші жартысы өте қарқынды болады, өйткені біз сонымен қатар балалар репертуары бойынша жұмыс істейтін боламыз. К. Байсейітова атындағы камералық залдың сахнасында театр Бала-театр деп аталатын жаңа жобаны ұсынады және оның аясында Ж. Дастеновтың «Қаңбақ шал» ұлттық балалар операсының премьерасы өтеді», – деді Р. Сейтбеков. Биылғы жылы театр сонымен қатар ұлттық сыйлықты – Ұмай байқауын өткізеді. Жақында байқауға қатысушылардан өтінімдерді қабылдаудың басталатыны туралы жарияланады. Тағы бір маңызды жоба, театрдың мақтанышы – «Астана Опера» халықаралық опера академиясының жұмысы. Өткен мерейтойлық маусымда театр алғашқы қарлығаштарын ұшырды. Биыл Astana Opera халықаралық опера академиясы бірегей шығармашылық жобаға қатысуға үміткерлерді іріктеу үшін өтінімдер қабылдайды. Әлемнің түрлі елдерінен үміткерлерді үш конкурстық тур күтеді, олардың біреуі өткен болатын, қазылар алқасының қорытындысы бойынша 10 жас талантты вокалист таңдалады. Олар жыл бойы еліміздің бас театрының қабырғасында үздік шетелдік және қазақстандық коучтардың дәрістерінде өз шеберліктерін арттыратын болады, деді театр өкілі. ortcom.kz/...473
1 прочтение · 1 год назад
«Астана Опера» театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған ауқымды мерекелік кеш өтті. Тұңғыш рет өткізіліп отырған айтулы іс-шара аясында сахнада бір уақытта еліміздің әр өңірінен келген 1000-нан астам музыкант өнер көрсетті. Мерекелік іс-шара басталар алдында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жиналған қонақтарға, көрнекті мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. Концерттік бағдарламаға еліміздің өңірлерінен келген 24 шығармашылық ұжым өкілдері қатысты. Хор ұжымдары, оркестрлер, виртуоз аспапшылары, опера және халық әншілері атақты скрипкашы, дирижер және композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты одасын бірге орындады. Қазақстанның әр өңірінен келген 1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті Отандық мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған ауқымды туынды ұлттық және классикалық музыканы үйлестірген. Тыңдаушылар әсерге толы таныс әуендерді жаңа нұсқада тамашалай алды. Қазақстанның әр өңірінен келген 1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Асхат Оралов сахнада өнер көрсеткен артистер мен шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне алғыс хат табыстады. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар апталығын лайықты түрде аяқтадық деп ойлаймын. Біздің бастамамызды қолдағандардың барлығына және Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетуге шақыруды қабылдаған шығармашылық ұжымдарға рахмет айтқым келеді. Осы жобаға қолдау білдіріп, қатысқаны үшін Марат Бейсенғалиевке ерекше алғыс. Министрлігіміз мәдениет пен өнер саласын дамыту және қолдау бағытындағы жұмысты жалғастырады. Алдағы уақыта белгіленген нақты тапсырмаларды сіздермен бірге орындай алатынымызға күмәнім жоқ, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. Қазақстанның әр өңірінен келген 1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті Бір апта бойы еліміз бойынша концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа да барлығы 100-ден астам іс-шара өтті. Сондай-ақ 300 мәдениет қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, 2000-ы Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Асхат Оралов бүгінгі концерт мерекелік іс-шаралардың керемет кульминациясы болғанын және осындай кештер бұдан былай жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді. baq.kz/...974